HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
3. Алушылар тізіміндегі аттары пернетақта экранында мəтіндік жолда орналастырылады.
Мекенжайлық кітапта табылмаған алушыны қосу үшін, электрондық пошта мекенжайын
теріңіз.
4. OK түймешігін түртіңіз.
5. Қажет болса, Send E-mail терезесінде cc:, bcc:, Subject: жəне Message: өрістеріне ақпаратты
енгізуді аяқтаңыз. Алушылар тізімін тексеру үшін To: мəтіндік жолындағы төмен көрсеткіні
түртіңіз.
6. Бастау түймешігін
басыңыз.
Жеке немесе ортақ контактілер мекенжайлық кітабын пайдалану
Жиі пайдаланылатын электрондық пошта мекенжайларын сақтау жəне оларды From:, To:, cc:
немесе bcc: жолақтарына енгізу үшін Жеке немесе ортақ контактілер мекенжайлық кітабын
пайдаланыңыз.
Мекенжайлық кітапты ашу үшін Мекенжайлық кітап түймешігін
түртіңіз, одан кейін тиісті
контакт жазбасын таңдаңыз.
Жеке немесе ортақ контактілер мекенжайлық кітабына жазбаларды қосу
1.
қосу түймешігін басыңыз.
2. Name жолағын түртіп, жаңа жазбаның атын теріңіз.
Бұл аты – жазбаның жалған аты.
3. Жаңа жазба үшін электрондық пошта мекенжайын теріңіз жəне кез келген қосымша
өрістерге мəліметтерді жазуды аяқтаңыз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жеке немесе ортақ контактілер мекенжайлық кітабынан жазбаларды жою
Пайдаланылмайтын жазбаларды жоюға болады.
ЕСКЕРІМ: Жазбаны өзгерту үшін, өзгерткіңіз келетін мəтінді бөлектеңіз жəне жаңа мəтінді
теріңіз.
1. Жеке немесе ортақ контактілер мекенжайлық кітабынан жойылатын жазбаны түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Жою түймешігін
басыңыз.
3. Жазбаны жою үшін экранға шығатын құптау терезесінде Delete түймешігін басыңыз немесе
Мекенжайлық кітапқа оралу үшін Болдырмау түймешігін түртіңіз.
Электрондық поштаға жіберу терезесін пайдалану
E-mail терезесіндегі мүмкіндіктерде шарлау үшін сенсорлы экранды пайдаланыңыз.
KKWW
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта мекенжайларына жіберу
57










