HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

Құжаттарды жіберу
Бұл құрылғы ақ-қара жəне түрлі түсті түпнұсқалықтардың екеуін сканерлейді. Əдепкі
параметрлерді пайдалануға немесе сканерлеу параметрлері мен файл пішімдерін өзгертуге
болады.
КЕҢЕС: Құжат бетін сканерлеу əйнегіне төмен қаратып орналастыра отырып, бұл
тапсырмаларды бір жақты құжаттар үшін орындай аласыз.
Құжатты жіберу
1. Құжатты құжат бергішке бетін жоғары қаратып орналастырыңыз.
2. Басты экрандағы E-mail түймешігін түртіңіз.
3. Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
4. From: жəне To: жолақтарына ақпаратты енгізіңіз. Қолданылса, төмен жылжып, cc:, bcc:
жəне Message: жолақтарына ақпаратты енгізіңіз. Пайдаланушы атыңыз немесе басқа
əдепкі ақпарат From: өрісінде пайда болуы мүмкін. Со
лай болса, оны өзгерте алмауыңыз
мүмкін.
5. (Қосымша) More Options түймешігін жіберіліп тұрған құжат параметрлерін (мысалы,
құжаттың түпнұсқа өлшемі) өзгерту үшін түртіңіз. Егер екі жақты құжатты жіберіп
отырсаңыз, Sides құсбелгісін қойыңыз жəне екі жақты түпнұсқа опциясын таңдаңыз. Басқа
бар мүмкіндіктер туралы ақпаратты кірістірілген анықтама жүйесінен қараңыз.
6. Жіберуді бастау үшін Ба
стау түймешігін басыңыз.
7. Аяқталып болған соң, түпнұсқалық құжатты шығыс науасынан алыңыз.
Автоматты аяқтау мүмкіндігін пайдалану
Send E-mail терезесінде To:, cc: немесе From: жолақтарына таңбаларды енгізгенде, автоматты
аяқтау мүмкіндігі қосылады. Қажет мекенжайды немесе атты терген кезде, құрылғы
мекенжайлық кітаптан автоматты түрде іздейді жəне біріншы сəйкес сөзді пайдалана отырып,
мекенжайды немесе атты теруді аяқтайды. Одан кейін пернетақтада enter пернесін басу
арқылы қажет атты таңдаңыз немесе автоматты ая
қтау мүмкі
ндігі дұрыс жазбаны тапқанша
сөзді теруді жалғастырыңыз. Тізімдегі ешбір жазбаға сəйкес келмейтін таңба терілген болса,
автоматты түрде аяқталған мəтін мекенжайлық кітапта жоқ мекенжай терілгендігін көрсету үшін
дисплейден алынады.
Сканерленген құжатты факспен жіберу
Send Fax экранын пайдалану
Send Fax терезесіндегі мүмкіндіктерде шарлау үшін сенсорлы экранды пайдаланыңыз.
KKWW
Сканерленген құжатты факспен жіберу
59