HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

7
Өнімге техникалық қызмет көрсету
Бұл бөлім сканерге техникалық қызмет көрсету жолы туралы ақпаратты береді.
Техникалық қызмет жəне сканерлеу жабдықтарына тапсырыс беру
Сенсорлы экранды тазалау
Сканерлеу əйнегін, сканерлеу жолағын жəне құжатты автоматты беру құрылғысының (ADF)
дуплексті артқы жағын тазалаңыз.
Шығыршықтарды тазалау
Техникалық қызмет жəне сканерлеу жабдықтарына
тапсырыс беру
Құрылғыңыз үшін техникалық қызмет бөліктерін сатып алуға болады.
1. HP өнім бөліктерін
www.hp.com/buy/parts веб-торабынан қараңыз.
2. Тілді таңдаңыз жəне көрсеткіні басыңыз.
Сенсорлы экранды тазалау
Саусақ іздерін немесе шаңды жою үшін керек болғанда сенсорлы экранды тазалаңыз.
Сенсорлы экранды таза, дымқыл, түксіз шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Тек суды пайдаланыңыз. Еріткіштер жəне жуу жабдықтары сенсорлы экранды
зақымдауы мүмкін. Суды сенсорлы экранға тікелей құймаңыз немесе бүркімеңіз.
Сканерлеу əйнегін, сканерлеу жолағын жəне құжатты
автоматты беру құрылғысының (ADF) дуплексті
артқы жағын тазалаңыз.
Сканерлеу əйнегін, сканерлеу жолағын жəне құжатты автоматты беру құрылғысының (ADF)
дуплексті артқы жағын тұрақты түрде тазалап тұрыңыз немесе сканерленген кескінде сызықтар
пайда болған кезде тазалаңыз.
Осы құрамдас бөліктерін тазалау үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажыратыңыз.
2. Сканерлеу қақпағын ашыңыз.
KKWW
Техникалық қызмет жəне сканерлеу жабдықтарына та
псырыс беру
65