HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
7. ADF дуплексті артқы жағындағы (1) екі сканерлеу жолағын (біреуі қара, біреуі ақ түсті) жəне
ADF дуплексті артқы жағының корпусының (2) ішіндегі жолақты жылы сумен дымқылданған
жұмсақ жəне түксіз матаны қолдану арқылы сүртіңіз.
8. Құрғақ, жұмсақ жəне түксіз матаны қолдану арқылы сканерлеу жолақтарын құрғатыңыз,
одан кейін құрылғы бөлігін екі ілгек орындарына түскенше корпусына енгізіңіз.
9. Сканерлеу кіріс науасын орнына салыңыз жəне құрылғыңызға қуат сымын жалғаңыз.
10. Өнімді қосу үшін Қуат түймешігін басыңыз.
Шығыршықтарды тазалау
Келесі жағдайларда шығыршықтарды тазалаңыз:
●
Құжаттар кептелісі қайталанды.
●
Құрылғы қағаз жолына беттерді тартпайды.
●
Сканерленген кескіндер ұзартылған.
●
Сіз жаңа ғана құжаттардың келесі түрінің кез келгенін сканерледіңіз: жабыны бар қағаз,
дақсыз қағаз сияқты химиялық тұрғыда қарастырылатын құжаттар, кальций карбонатының
көп мөлшері бар құжаттар, қарындаштармен жазылған құжаттар, тонер жағылған
құжаттар.
68
Бап 7 Өнім
ге техникалық қызмет көрсету KKWW










