HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide
8
Құрамдас бөліктерді ауыстыру жəне
орнату
Бұл бөлім құрылғының құрамдас бөліктерін ауыстыру жəне орнату жолы туралы ақпаратты
береді.
●
Шығыршықтарды ауыстыру
●
Бөлгіш тақтаны ауыстыру
●
Алдыңғы панельді орнына салу
●
Пернетақтаны ауыстыру
●
Қатты дискті ауыстыру
●
Jetdirect картасын орнату
●
Керек-жарақты жабдықтарды біріктіру қалтасына орнату
Техникалық қызмет көрсету тапсырмалары бойынша нұсқауларды беретін анимацияны веб-
торапта қарауға болады. Бөліктер туралы ең жаңа ақпаратты алу жəне анимацияны қарау үшін
www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз, одан кейін құрылғыңызды іздеңіз.
Шығыршықтарды ауыстыру
Келесі жағдайларда шығыршықтарды ауыстырыңыз:
●
Құжатты беру құрылғысының жинағы төмен хабары Басты экранның күй жолағында
көрсетілсе (ескерту түймешігі күй жолағының оң жағында көрсетіледі).
●
Құжаттар кептелісі қайталана берсе жəне шығыршықтарды тазалау көмектеспесе.
КЕҢЕС: Біліктерді алу жəне ауыстыру бойынша нұсқауларды беретін анимацияны веб-
торапта қарауға болады (
www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз, одан кейін құрылғыңызды
іздеңіз).
Біліктерді ауыстыру жинағы ауыстырмалы бөлгіш тақтаны қамтиды. Біліктерді ауыстыру
кезінде бөлгіш тақтаның ауыстырылғанына көз жеткізіңіз. Ауыстыру жинағына тапсырыс беру
үшін
www.hp.com/buy/parts веб-торабын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Шығыршықты ауыстыру жинағы тұтынылады жəне кепілдемеде немесе қалыпты
қызмет көрсету келісімдерінде қамтылмайды.
Шығыршықтарды ауыстыру үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажыратыңыз.
KKWW
Шығыршықтарды ауыстыру
71










