HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

6. Біліктер жинағының есігін төмен басып сыртына тартыңыз, жаңа біліктер жинағын
корпусына енгізіп, жинақ орнына түскенше оны оң жаққа қарай жылжытыңыз.
7. Біліктер жинағының есігін дыбыс естілгенше (дыбыс ілгектің орнына түскенін көрсетеді)
басу арқылы жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы біліктерді жəне бөлгіш тақтаны əрбір 100000 сканерлеу
тапсырмасын орындағаннан кейін ауыстыруды ұсынады.
Біліктер ауыстырылған соң бөлгіш тақтаны да ауыстырыңыз жəне техникалық қызмет көрсету
белсенділігін журналға енгізіңіз.
Бөлгіш тақтаны ауыстыру
Біліктерді ауыстыру жинағы ауыстырмалы бөлгіш тақтаны қамтиды. Біліктерді ауыстыру
кезінде əрқашан бөлгіш тақтаны ауыстырыңыз. Біліктерді ауыстыру жинағына тапсырыс беру
үшін
www.hp.com/buy/parts веб-торабын қараңыз.
КЕҢЕС: Бөлгіш тақтаны алу жəне ауыстыру бойынша нұсқауларды беретін анимацияны веб-
торапта қарауға болады (
www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз, одан кейін құрылғыңызды
іздеңіз).
74
Бап 8 Құрамдас бөліктерді ауыстыру жəне орнату KKWW