HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

6. Қатты дискті орнына түскенше диск корпусына итеріңіз (диск бағыттағыштарының
бүйіріндегі түйреуіштер диск корпусындағы ұяға сəйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз), одан
кейін диск қабелін қатты дискіге қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск қабелін кабель бекітпесінің астына енгізіңіз.
7. Артқы панельдің тартпа жинағын орнына итеріңіз (кабельдердің қысылмағанына көз
жеткізіңіз), тартпа жинағының орнына түскенін тексеріңіз, одан кейін саусақтармен
бұрылатын бұранданы бұрап бекітіңіз.
8. Құрылғыға қуат сымы мен Ethernet кабелін қайта жалғаңыз жəне қолданылса кабельге
арналған құлыпты қосыңыз, одан кейін өнімді қосу үшін Питание (Қуат) түймешігін
басыңыз.
Jetdirect картасын орнату
Jetdirect картасын орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны өшіру үшін (1) Қуат түймешігін басыңыз, қуат сымын құрылғыдан ажыратыңыз
(2), одан кейін Ethernet кабелін суырыңыз (3).
KKWW
Jetdirect картасын орнату
85