User's Guide
3
Экранды шарлау
Компьютер экранын мына əдістермен шарлауға болады:
●
Түрту қимылдарын пайдалану (кейбір үлгілерде ғана)
●
Пернетақта мен тінтуірді қолдану
Кейбір компьютер үлгілерінің пернетақталарында күнделікті тапсырмаларды орындауға
арналған арнайы əрекет пернелері немесе пернелер үйлесімімен орындалатын функциялар
бар.
Түрту қимылдарын пайдалану
Сенсорлық қимылдарды параметрлерін өзгерту, түйме конфигурациялары, жылдамдығын басу
жəне меңзер таңдауларын өзгерту арқылы реттеуге болады.
Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) опциясын таңдап, Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) тарма
ғын
таңдаңыз. Құралдар мен принтерлер тармағынан, тінтуір пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түрту қимылдарына барлық бағдарламаларда қолдау көрсетіле бермейді.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашылған бағдарламалардан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралу мүмкіндігін береді. Windows пернесін қайта
бассаңыз, алдыңғы экранға ораласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Елге немесе аймаққа байланысты, пернелер мен пернетақта функциялары осы
бөлімде талқыланғаннан өзгеше болуы мүмкін.
Əрекет пернелері мен пернелер үйлесімін пайдалану
Кейбір пернелер мен пернелер тіркесімін пайдалану арқылы ақпаратты тез ашуға немесе
функцияларды орындауға болады.
●
Əрекет пернелері тағайындалған функцияны орындайды. Пернетақтаның жоғарғы
жағындағы функция пернелеріндегі белгішелер тағайындалған функцияны сол пернелерді
суреттейді.
Əрекет пернесінің функциясын қолдану үшін, пернені
басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернелер үйлесімі – fn пернесі мен esc пернесінің, бос орын пернесінің немесе тиісті
əрекет пернесінің тіркесімі.
Түрту қимылдарын пайдалану
5










