User's Guide

1. Компьютер жұмыс істеп тұрса, сақтау керек барлық файлдарды қамтитын сақтық көшірме
DVD дискісін немесе сақтық көшірме USB флэш жадын жасаңыз, содан кейін сақтық
көшірме ақпарат тасушысын компьютерден алыңыз.
2. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдалансаңыз, DVD дискі науасына
№ 1 қалпына келтіру
дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдалансаңыз,
оны USB портына салыңыз.
3. Компьютер жұмыс істеп тұрса, шебер түймешіктер құралдар тақтасын көрсету үшін
курсорды «Бастау» экранынан экранның төменгі оң бұрышына жылжытып, Параметрлер,
Қуат
белгішесін, сосын Жұмысты аяқтау опциясын таңдаңыз. Немесе, компьютер жауап
бермсе, қуат түймесін 5 секундтай немесе компьютер өшкенше басып тұрыңыз.
4. Компьютерден монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
5. Компьютерді қосу үшін, қуат тү
ймесін басыңыз. Қалпына келтіру DVD дискісін
пайдалансаңыз, компьютер дискідегі HP қалпына келтіру менеджері бағдарламасын
автоматты түрде іске қосады. 7-қадамға өтіңіз.
6. Жүйені қалпына келтіруді USB флэш жадынан іске қоссаңыз, компьютер іске қосу мəзірін
ашу барысында еsc пернесін басыңыз. Кө
рсеткі пернелермен USB құрылғысын таңдап, сол
құрылғыдан іске қосу үшін еnter пернесін басыңыз.
7. Қалпына келтіру медиасы мен қатты дискінің біреуін таңдау қажет болса, медиа опциясын
таңдап, келесі түймесін басыңыз.
8. Зауыттық параметрлері тармағын таңдаңыз.
9.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары
Қалпына келтіру медиасын бос DVD дискілерінде немесе USB флэш жадында жасауға болады
(екеуінің біреуі, бірден екеуі емес). Қатты дискіде сақталған қалпына келтіру кескінінен
қалпына келтіру медиасын жасаңыз. Бұл кескінде компьютерге бастапқыда өндіруші орнатқан
операциялық жүйе жəне бағдарлама файлдары бар.
Компьютер үшін қалпына келтіру ақпарат
тасушысының бір жиынын жасауға болады жəне ақпарат тасушысын тек осы компьютермен
пайдалануға болады. Қалпына келтіру ақпарат тасушысын қауіпсіз жерге сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде
кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Қалпына келтіру медиасын таңдау
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютеріңізде DVD дискілерге жазу құралы
болуы керек жəне тек жоғары сапалы бос DVD+R немесе DVD-R дискілерін пайдалану
керек.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін CD немесе DVD+RW, DVD-RW, DVD
+RW DL, DVD-RW DL, DVD+R DL немесе DVD-R DL дискілерін пайдалануға болмайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасасаңыз, қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау үшін
жоғары сапалы дискілерді пайдаланып жатқандығыңызға сенімді болыңыз. Ақаулық
табылған жағдайда дискілердің қабылданбауы қалыпты жағдай. Сізге əрекетті қайталау
үшін жаңа бос дискіні салу ұсынылады.
18
6-тарау Жүйені қалпына келтіру