HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
HP енгізілген веб сервері
Енгізілген веб-серверді басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
●
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
●
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-сервері
IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және пайдалану үшін
Интернеттің болуы шарт емес.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. Өнімнің IP мекенжайын немесе хост атауын анықтаңыз. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Желі түймешігі көрінсе, мекенжайды көрсету үшін сол түймешікті түртіңіз. Не болмаса, өнімнің
конфигурация бетін басып шығару немесе қарау үшін мына қадамдарды орындаңыз
:
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
–
Есептер
–
Конфигурация/күй беттері
–
Конфигурация беті
б. Print (Басып шығару) немесе View (Қарау) түймешігін түртіңіз.
в. Jetdirect бетінде IP мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
2. Компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы мекенжай/URL өрісіне өнімнің IP
мекенжайын немесе хост атауын енгізіңіз.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғышыңыз келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
●
Windows: Microsoft Internet Explorer 5.01 немесе соңғы шыққаны немесе Netscape 6.2 немесе
соңғы шыққаны
●
Mac OS X: Bonjour немесе IP мекенжайын қолдану арқылы Safari немесе Firefox бағдарламалық
құралын қолдану
●
Linux: Тек Netscape Navigator
●
HP-UX 10 және HP-UX 11: Netscape Navigator 4.7
90 8-тарау Өнімді басқару KKWW










