HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide

Үнемдеу параметрлері
EconoMode режимімен басып шығару
Ұйқы режимін орнату
Күту режиміне өту кестесін орнату
EconoMode режимімен басып шығару
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу режимін
пайдалану тонерді азырақ қолдануы мүмкін. Алайда, Үнемдеу режимі баспа сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Егер бұл опцияны принтер драйверінде қолдану мүмкін болмаса, оны өнімнің басқару
тақтасының көмегімен орнатуға болады.
EconoMode параметрлерін баспа драйверінен реттеу
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferencesасымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Мүмкіндікті қосу үшін EconoMode (Үнемді режим) құсбелгісін қойып, OK түймешігін басыңыз.
EconoMode параметрлерін өнімнің басқару тақтасынан реттеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administrationасқару) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
General Settings (Жалпы параметрлер)
Баспа сапасы
3. EconoModeнемдеу режимі) тармағына жылжып барып, оны таңдаңыз.
4. Мүмкіндікті қосу немесе ажырату үшін On (Қосулы) немесе O (Өшірулі) түймешігін, содан кейін Save
(Сақтау) түймешігін түртіңіз.
Ұйқы режимін орнату
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administrationасқару) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
94 8-тарау Өнімді басқару KKWW