HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
●
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
●
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеріңіз
●
Тонер картриджінің күйін тексеру
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Тонер картриджін көзбен тексеріңіз
●
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
●
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
●
Басқа принтер драйверін қолданып көру
●
Жеке науа туралануын орнату
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеріңіз
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатсаңыз және беттерде келесі проблемалар болса, қағаз
түрінің параметрін тексеріңіз:
●
жағылған баспа
●
анық емес баспа
●
күңгірт баспа
●
оралған қағаз
●
тонердің шашыраған нүктелері
●
бос тонер
●
тонер жоқ шағын аймақтар
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын басыңыз.
5. Type is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 165










