HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide

өндірілген тонер картриджін пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз, тонер картриджін
түпнұсқа HP тонер картриджімен ауыстырыңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мәселелерді кез келгені болғанда шаңды және артық тонерді алып тастау үшін тазалағыш бетті
басып шығарыңыз:
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі) түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз.
2. Calibration/Cleaning (Калибрлеу/тазалау) опциясын түртіп, бетті басып шығару үшін Print Cleaning Page
азалау бетін басып шығару) опциясын түртіңіз.
3. Тазалау бірнеше минут алуы мүмкін. Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып тастаңыз.
Тонер картриджін көзбен тексеріңіз
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Тонер картриджіндегі жасыл бейнелеу барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Бейнелеу барабанын ұстамаңыз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын сілкіп,
қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 167