HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
3. Сканер әйнегін, құжат беру құралының
таспаларын және ақ пластмасса тіректі
абразивті емес шыны тазалағышпен
ылғалданған жұмсақ шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау
барысында ажарлағыш затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін
пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге
қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін
өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Сканерді калибрлеу
Егер көшірілген сурет бетте дұрыс орналаспаған болса, сканерді калибрлеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат бергішті пайдаланғанда, кіріс науасындағы бағыттауыштарды түпнұсқа құжатқа тиіп
тұратындай реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі) түймешігіне
жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Мөлшерлеу/тазалау
●
Сканерді калибрлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Next (Келесі) түймешігін түртіңіз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру әрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Қағаз параметрлерінде көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып
шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа шыққан
аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Trays (Науалар) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Параметрлері реттелетін науаның жолын түртіңіз де, Modify (Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
172 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW










