HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
3. Сканер әйнегін, құжат беру құралының
таспаларын және ақ пластмасса тіректі
абразивті емес шыны тазалағышпен
ылғалданған жұмсақ шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау
барысында ажарлағыш затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін
пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге
қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат беру құралын
пайдаланғанда көшірмелерде жабысумен
қиындықтар туындаса, сканердің сол
жағындағы шынының шағын жолағын міндетті
түрде тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін
өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Ажыратымдылық параметрлерін тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылықты жоғары мәнге орнату файл өлшемі мен сканерлеу уақытын ұлғайтады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Scan/Digital Send Settings (Сканерлеу/сандық жіберу параметрлері) мәзірін ашыңыз.
3. Реттелетін сканерлеу санатын және жіберу параметрлерін таңдаңыз.
4. Default Job Options (Әдепкі тапсырма опциялары ) мәзірін ашыңыз.
5. Resolution (Ажыратымдылық) түймешігін түртіңіз.
6. Алдын ала анықталған параметрлердің бірін таңдаңыз. Save (Сақтау) түймешігін түртіңіз.
7. Бастау түймешігін түртіңіз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Сканерлеу сапасын жетілдіру үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Scan/Digital Send Settings (Сканерлеу/сандық жіберу параметрлері) мәзірін ашыңыз.
3. Реттелетін сканерлеу санатын және жіберу параметрлерін таңдаңыз.
4. Default Job Options (Әдепкі тапсырма опциялары ) мәзірін ашыңыз.
5. Image Adjustment (Суретті реттеу) түймешігін басыңыз.
KKWW Сканерлеу сурет сапасын жақсарту 177










