HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
Жалпы факс ақаулықтары
Кейбір жалпы факс мәселелері төменде берілген.
Факс жіберілмеді
JBIG қосылған және қабылдаушы факс машинасында JBIG мүмкіндiгі жоқ.
JBIG параметрін өшіріңіз.
Өнімнің басқару тақтасында «Out of Memory» (Жад жеткіліксіз) күйінің хабары көрсетіледі.
Құралдың сақтау дискісі толы.
Дискіден кейбір сақталған тапсырмаларды жойыңыз. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан алу) түймешігін түртіңіз. Сақталған тапсырмалардың
немесе сақталған факстердің тізімін ашыңыз. Жойылатын тапсырманы таңдап, Delete (Жою) түймешігін
түртіңіз.
Фотосуреттің басып шығарылған сапасы нашар немесе сұр жолақ ретінде басып шығарылған
Дұрыс емес бет мазмұны параметрін немесе дұрыс емес ажыратымдылық параметрін қолданып жатырсыз.
Optimize Text/Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру) опциясын Photograph (Фотосурет) параметріне
орнатып көріңіз.
Сіз факстан бас тарту үшін «Stop» (Тоқтату) түймешігін түрттіңіз, бірақ факс сонда да жіберіліп кетті
Тапсырма жіберу процесінде барынша орындалған болса, тапсырманы болдырмау мүмкін емес.
Бұл қалыпты әрекет.
Ешбір факстің мекенжай кітабы түймешігі көрсетілмейді
Факстің мекенжай кітабы мүмкіндігі қосылмаған.
HP MFP сандық жіберу бағдарламалық құралын реттеу қызметтік бағдарламасын факстың мекенжай
кітабы мүмкіндігін қосу үшін қолданыңыз.
HP Web Jetadmin мүмкіндігінде факс параметрлерін орналастыру мүмкін емес
HP Web Jetadmin мүмкіндігіндегі факс параметрлері құрылғының күй бетіндегі ашылмалы мәзірдің астында
орналасқан.
Ашылмалы мәзірден Digital Sending and Fax (Сандық жіберу және факс) опциясын таңдаңыз.
Үйлестіру күйі қосылған кезде тақырып беттің жоғарғы жағына қосылады
Барлық әрі қарай жіберілетін факстер үшін құрылғы беттің жоғарғы жағына үйлестірілетін тақырыпты
қосады.
Бұл қалыпты әрекет.
Алушылар жолағындағы атаулар мен сандардың араласуы
Олардың алынған орнына байланысты атаулар мен сандарды бірдей көрсетуге болады. Факстің мекенжай
кітабы атауларды тізімдейді және барлық басқа дерекқорлар сандарды тізімдейді.
190 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW










