HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide

Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Administration (Басқару) түймесіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Степлер/жинақтағыш параметрлері
Қапсырма
3. Параметрлер тізімінен қапсырма орнын таңдап, Save (Сақтау) түймесін басыңыз. Келесі опцияларды
таңдауыңызға болады:
None (Ешқайсысы)
Жоғарғы сол жақта
Жоғарғы оң жақта
Екі сол жақ
Екі оң жақ
Екі жоғарғы жақ
Екі жоғарғы немесе төменгі жақ
ЕСКЕРТПЕ: кітаптық бағдардағы құжаттар үшін қапсырмалар сол жақта болады. Альбомдық
бағдардағы құжаттар үшін қапсырмалар жоғарғы жақта болады.
Әдепкі тескіш орнын теңшеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Administration (Басқару) түймесіне жылжып барып,
түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Степлер/жинақтағыш параметрлері
Тесу
3. Параметрлер тізімінен тескіш орнын таңдап, Save (Сақтау) түймесін басыңыз. Келесі опцияларды
таңдауыңызға болады:
None (Ешқайсысы)
Екі сол жақ немесе жоғарғы жақ
Екі сол жақ
Жоғарғы оң жақта
Екі жоғарғы жақ
KKWW Әдепкі қапсырма орнын теңшеу 27