HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
Тонер картриджін ауыстыру
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Келесі суретте тонер картриджінің құрамдас бөліктері көрсетілген.
Cурет 3-1 Тонер картриджінің құрамдас бөліктері, артқы көрініс
1
2
1 Бейнелеу барабаны
ЕСКЕРТУ: жасыл дөңгелекшені ұстамаңыз. Оны ұстаудан картридж зақымдануы мүмкін.
2 Жад картасы
ЕСКЕРТУ: егер тонер киімге тиіп кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп, киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық
су тонерді матаға сіңдіреді.
ЕСКЕРТПЕ: пайдаланылған тонер картридждерін қайта пайдалану туралы ақпарат тонер картриджінің
қорабында беріледі.
KKWW Тонер картриджін ауыстыру 33










