HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
Мобильді басып шығару
HP компаниясы ноутбуктан, плашнеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы сымсыз басып шығаруға мүмкіндік беретін Mobile және ePrint шешімдерін ұсынады.
Қажеттіліктеріңізге ең лайық таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting (тек ағылшын
тілінде) торабына өтіңіз.
HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз
.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндікті қолдану үшін өнімнің ішкі бағдарламасын жаңарту қажет болуы мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
●
Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
●
Өнімде HP Web Services қосулы болуы және өнім HP Connected қызметіне тіркелуі керек.
1. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, IP мекенжайын веб-шолғыштың мекенжай жолағына
теріңіз.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін, www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/support торабына өтіп, өзіңіздегі өнім туралы қосымша қолдау
ақпаратын қараңыз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен немесе
ноутбуктен басып шығаруды оңай етеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан Басып
шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз. Бұл
бағдарламалық құрал HP Connected есептік жазбаңызға тіркелген HP ePrint қосылған өнімдерді табуды
оңайлатады. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында болуы мүмкін, мысалы, филиал
кеңсесінде немесе дүние жүзінде.
Windows жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы сонымен бірге қолдау көрсетілетін PostScript®
өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дәстүрлі тікелей IP басып шығаруды
қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің қызметтік
бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac жүйесі үшін HP ePrint
бағдарламалық құралы басып шығару жолдарын тек HP Connected арқылы қолдайды және жергілікті
желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
54 4-тарау Басып шығару KKWW










