HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide

Сканерлеу/жіберу мүмкіндіктерін орнату
Өнім келесі сканерлеу және жіберу мүмкіндіктерін ұсынады:
Файлдарды сканерлеу және желідегі қалтаға сақтау.
Файлдарды сканерлеу және өнім жадына сақтау.
Файлдарды сканерлеу және USB флеш жадына сақтау.
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта мекенжайларына жіберу
Құжаттарды бір немесе бірнеше Microsoft® SharePoint® торабына сақтаңыз. Бұл мүмкіндікті тек HP
FutureSmart сканерлері мен HP Flow көп функциялы принтерлерінде қолдануға болады.
Кейбір сканерлеу және жіберу мүмкіндіктері өнімнің басқару тақтасында HP енгізілген веб-серверін
пайдаланып қосқанша, қол жетімді болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP енгізілген веб-серверін пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін әр
HP енгізілген веб-сервері бетінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама (Справка) сілтемесін басыңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын немесе хост атауын анықтаңыз. Мекенжайды көрсету үшін өнімнің басқару
тақтасындағы негізгі экранда Желі түймешігін түртіңіз.
2. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын немесе хост атын енгізіңіз.
3. HP ендірілген веб-сервері ашылғанда, Scan/Digital Send (Сканерлеу/сандық жіберу) қойындысын
басыңыз.
4. E-mailлектрондық пошта) мүмкіндігін бағдарламаны орнату кезінде орнатпасаңыз, оны
HP енгізілген веб-серверін пайдалана отырып қосуға болады.
а. E-mail Setupлектрондық пошта параметрлерін орнату) сілтемесін басыңыз.
ә. Мүмкіндікті қосу үшін Enable Send to E-mailлектрондық поштаға жіберуді қосу) құсбелгісін
қойыңыз.
б. Пайдаланылатын шығыс пошта серверін таңдаңыз немесе тізімге басқа серверді қосу үшін Add
түймешігін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер пошта серверінің атауын білмесеңіз, әдетті оны электрондық пошта
бағдарламасын ашу және шығыс поштаның конфигурация параметрлерін қарап табуға болады.
в. Address Message (Хабар мекенжайы) аймағында жіберуші мекенжайының әдепкі параметрін
реттеңіз. Басқа параметрлерді конфигурациялау міндетті емес.
г. Беттің төменгі жағындағы Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
5. Save to Network Folder Setupелілік қалтаға сақтау параметрлерін орнату) мүмкіндігін қосыңыз.
КЕҢЕС: Параметрлерді орнату кезінде мақсатты орынға апаратын жол болуы үшін, бұл мүмкіндіктің
параметрлерін орнатар алдында желілік қалтаны жасап алыңыз.
64 6-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW