HP LaserJet Enterprise Flow MFP M830 - User's Guide
Сканерленген құжатты желілік қалтаға жіберу
Өнім файлға сканерлеп, оны желідегі қалтаға сақтай алады. Бұл мүмкіндікті келесі операциялық жүйелер
қолдайды:
●
64 биттік Windows Server 2003
●
64 биттік Windows Server 2008
●
64 биттік Windows XP
●
64 биттік Windows Vista
●
64 биттік Windows 7
●
Novell v5.1 және одан кейінгі нұсқа (Quick Sets (Жылдам орнатулар) қалталарына ғана кіру рұқсаты)
ЕСКЕРТПЕ: Windows файлды ортақ пайдалану мүмкіндігін реттесеңіз, бұл мүмкіндікті Mac OS X v10.6 және
одан бұрынғы нұсқасымен пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
Жүйелік әкімші HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдаланып алдын ала анықталған Quick Sets
(Жылдам орнатулар) қалталарын реттей алады немесе басқа желілік қалтаға жол беруге болады.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне
қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін
жоғары қаратып салып, құжаттың өлшеміне
сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын
сәйкестендіріңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда
Save to Network Folder (Желілік қалтаға сақтау)
түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты
мен құпия сөзді енгізіңіз.
68 6-тарау Сканерлеу/жіберу KKWW










