HP ElitePad 1000 G2 Rugged планшеті Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Java – Oracle және (немесе) еншілес компанияларының тіркелген сауда белгіcі. Microsoft және Windows – тіркелген сауда белгілері немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Күйіп қалу немесе планшеттің қызып кету қаупін азайту үшін, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейге тимеуін қадағалаңыз. Планшет және айнымалы ток адаптері ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950-1) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген беткей температурасына сай өндірілген.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Планшетпен танысу ..................................................................................................................................... 5 Алдыңғы жағы .......
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту .......................................................................... 21 Саусақты сол жақ жиектен жылжыту ........................................................................ 22 Үстіңгі жиекті сипау ....................................................................................................... 22 Экрандағы пернетақтаны пайдалану .............................................................................................................
Сыртқы карталар және құрылғылар ......................................................................................................... 37 Смарт карталарды қолдану .............................................................................................................................. 37 Смарт картаны енгізу ...................................................................................................................... 37 Смарт картаны шығарып алу .............................................
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдалану ........................................................................................................................................ 51 11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10) .................................................................... 52 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау .......................................................................
қосымшасы а Планшетті сапарға алып шығу ............................................................................................... 68 қосымшасы ә Электростатикалық разряд .................................................................................................... 69 қосымшасы б Ақаулықтарды жою ............................................................................................................... 70 Ақаулықтарды жою көздері ...............................................................
x
1 Қош келдіңіз Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу – Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту – Планшетті вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану (44-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Планшетте түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған.
Құралдар Берілетін ақпарат Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы ● Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс орналастыру, денсаулық және дұрыс пайдалана білу тәртіптері ● Электр және механикалық қауіпсіздік ақпараты HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат Пайдаланушы нұсқаулығының соңғы нұсқасын алу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и материалы для загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарының ішінен табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Кепілдік басылған пішінде ұсынылмаған елдерде немесе аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Планшетпен танысу Келесі бөлімдерде HP ElitePad 1000 G2 Rugged планшетінің мүмкіндіктеріне шолу ұсынылады.
Бөлік Сипаттама Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. Іздеу терезесінен с әрпін теріп, одан кейін CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз. (3) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
Артқы көрініс (жабылған қалпында) Бөлік Сипаттама (1) Кіріс/шығыс есігі Ішкі USB портына және смарт-карта оқу құралына кіруге мүмкіндік береді. (2) Қол бауларының қосқыштары (2) Берілетін қол бауын тіркеу үшін пайдаланылады. (3) Штрих-код сканерінің түймелері (2) (тек таңдаулы үлгілерде) Басылған кезде, штрих-код сканерін іске қосады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Артқы көрінісі (ашық қалпында) Бөлік (1) Сипаттама USB 3.0 порты USB пайдаланушысының аутентификация құрылғысымен жұмыс істейді. Оны К/Ш үшін ашатын есік жабылған кезде пайдалануға болады. HP компаниясы К/Ш үшін ашатын есіктің жабылуына кедергі жасайтын сымсыз трансиверді немесе USB құрылғысын пайдаланбауды ұсынады. USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (37-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Астыңғы жағы Келесі бөліктер I/O үшін ашатын есіктер арқылы қорғалады. Есікті ашу үшін, оның төменгі жиегін жайлап көтеріңіз. Бөлік (1) Сипаттама Штрих-код сканері (тек таңдаулы үлгілерде) Штрих-кодтарды сканерлейді. (2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары дисплей немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
● Сервистік жапсырма планшетті анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз. ● Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.
Планшет параметрлерін өзгерту Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз. Планшет көрінісін өзгерту Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді. 1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз. 2.
Windows 8 жүйесі бар планшетте, сенсорлы экранның оң жақ жиегінен саусағыңызды сырғытып шебер түймелерді шығарыңыз да, Настройки (Параметрлер) белгішесін түртіңіз. 2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
3 Желіге қосылу Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель арқылы қосу ұсынылады. Планшет Интернетке сәтті қосылғаннан кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қосылғыңыз келген WLAN көрінбесе, тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін саусақпен түртіп ұстап тұрыңыз да, Открыть центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақтасу орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін түртіңіз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады. 4. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
планшетпен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны планшеттен бөлек беруі мүмкін. SIM картасын салу және алу туралы нұсқаулар үшін, HP CIS қызметімен, өкілетті HP қызмет провайдерімен немесе HP Self-Maintainer бағдарламасына қатысушы өкілдермен хабарласыңыз.
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. Бір саусақты сырғыту Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да әрекеттерді орындау мақсатымен пайдалана аласыз.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу үшін нысанды саусақпен басып тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет әрекет. ● 20 Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту ашық бағдарламалар арасында жылдам ауысу үшін оларды көрсетеді. ● Қолданбалар арасында ауысу үшін саусағыңызды сенсорлы тақтаның сол жиегінен жылжытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Үстіңгі жиекті сипау Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану Планшетте экрандық пернетақта бар. Ол планшет режимінде экранға шығарылады. 1. Windows 10 жүйесі бар планшетте пернетақтаны көрсету үшін хабарландыру аймағының оң жағында орналасқан пернетақта белгішесін түртіңіз. – немесе – Windows 8 жүйесі бар планшетте пернетақтаны Бастау экранында көрсету үшін мәтін ұясын саусақпен түртіңіз. Пернетақта көрсетіледі. 2. Теруді бастаңыз.
5 Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер Планшеттің келесі мүмкіндіктері болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген веб-камера ● Штрих-код сканері (тек таңдаулы үлгілерде) ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио Планшетіңізде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу Сымды құлақаспаптарды немесе гарнитураларды планшеттегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо-ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Планшетке сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
3. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. 4. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 5. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз. Планшеттегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1. Windows 10 жүйесі бар планшетті пайдаланғанда 2-қадамға өтіңіз. Windows 8 жүйесі бар планшетте шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Поиск (Іздеу) бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін іздеу терезесін басыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Планшеттің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Планшет экранындағы ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі. Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1. Планшеттің төменгі жағындағы К/Ш қақпағын ашқан соң, HDMI кабелінің бір ұшын планшеттегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз. 3.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Ойнату аймағынан Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе Цифровое устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құралы (HDMI)) тармағын таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Штрих-код сканерін бағдарламалау туралы толық ақпаратты алу үшін http://www.datalogic.com/ мекенжайы бойынша өтіңіз. Күймешені қайтару параметрлерін реттеу Штрих-кодты сканерлеген сайын штрих-код сканерін күймешені қайтару әрекетін орындайтын етіп теңшеу үшін 1. Мына QR кодын сканерлеу арқылы бағдарламалау режимін ашыңыз. 2. Мына QR кодын сканерлеңіз. 3. Мына QR кодын сканерлеу арқылы бағдарламалау режимінен шығыңыз.
3. ● Дыбыс деңгейін орташа деңгейге орнату үшін ● Дыбыс деңгейін жоғары деңгейге орнату үшін ● Дыбыс деңгейін өшіру үшін Мына QR кодын сканерлеу арқылы бағдарламалау режимінен шығыңыз. Әдепкі параметрлерді сақтау Штрих-код сканерінің параметрлерін бастапқы қалпына келтіру үшін 1. 30 Мына QR кодын сканерлеу арқылы бағдарламалау режимін ашыңыз.
2. Мына QR кодын сканерлеңіз. 3. Мына QR кодын сканерлеу арқылы бағдарламалау режимінен шығыңыз. NFC (Аясы жақын сымсыз байланыс) Планшетке сымсыз қосылу және онымен байланысу және деректерді әрі-бері тасымалдау үшін NFCүйлесімді құралын планшеттегі ортаңғы алдындағы NFC аймағына апаруға болады. NFC мүмкіндігін қауіпсіздік мақсаттарында да қолдануға болады. NFC сенсорлы аймағы туралы ақпаратты Алдыңғы жағы (5-бет) бөлімінен қараңыз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің қуат түймешігі болады. Планшеттің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, планшетті өшіреді. Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз. Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пәрменін қолдану ұсынылады.
● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Windows 10 жүйесі бар планшетте Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық режим) параметрін таңдаңыз. – немесе – Windows 8 жүйесі бар планшетте, шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Параметры (Параметрлер) пәрменін таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басып, Спящий режим (Ұйқылық режим) параметрін таңдаңыз. Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз.
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Планшет АТ көзіне қосылғанда, батареялар зарядталады және қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп төнбейді. Планшет батареялары қуатталған болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, планшет айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру дұрыс жүруі үшін, планшет сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. HP Support Assistant бағдарламасын ашыңыз. Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз. 3. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдап, HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді және тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу Қуат көзі болмаса және батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, планшетті өшіріңіз. Батарея қуатын үнемдеу ● Қуат көрсеткішін саусақпен түртіп ұстап тұрыңыз және Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. Төменгі қуат үнемдеу параметрлерін таңдаңыз.
7 Сыртқы карталар және құрылғылар Смарт карталарды қолдану ЕСКЕРТПЕ: білдіреді. Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. Планшеттің төменгі жағындағы К/Ш есігін ашқаннан кейін, құрылғыға арналған USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы бірінші рет қосылған кезде, планшеттің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
▲ Тізбекті құрылғыны қосу үшін, планшеттің төменгі жағындағы К/Ш қақпағын ашқан соң, құрылғы кабелінің бір ұшын планшеттегі тізбекті портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпаратты алу үшін немесе планшеттің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
● Сыртқы оптикалық диск (ықшам диск, DVD және Blu-ray) ● MultiBay құрылғысы Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол планшетке күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Планшеттегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Планшетпен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 40 1.
8 Қауіпсіздік Планшетті қорғау Windows амалдық жүйесі және Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жеке параметрлеріңізді және деректерді әртүрлі қауіптерден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
● Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз. ● Бір құпяисөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен вебсайттар үшін қолданбаңыз. ● HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға болады. ● Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз.
Өзгертулер планшет қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймесімен бірге басып, Computer Setup (Компьютерді орнату) құралын ашу үшін F10 пернесін түртіңіз. 2.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану Планшетті электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, және көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Настройки (Параметрлер) пәрменін және Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз. 2. Центр обновления Windows (Windows жаңарту) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Жаңартулар орнатуды бір уақытта жоспарлау үшін Дополнительные опции (Қосымша опциялар) параметрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 1.
9 Күтім IP-65 көрсеткіші Бұл планшет IP-65 көрсеткішімен бағаланған, бұл оның шаңнан және судың шашырауынан қорғалғанын білдіреді. IP-65 көрсеткішінің талаптарына сай болу үшін, аудио кіріс (құлаққап)/аудио шығыс (микрофон) ұясын және барлық К/Ш есіктерін жабыңыз. Планшетіңізді тазалау Планшет планшетті қорғауға арналған микробтарға қарсы Sureshield құралымен өңделген.
● н-Алкил диметил бензил аммоний хлориді 0,2%–0,4% 0.5%–1.5% лаурамин оксидімен ● 0,1%–1,0% этиленгликоль н-гексилі, 1%–5% изопропанол және 90%–95% су ● 1 – 5% натрий гипохлориты 0,5 – 2% натрий гидроксидімен бірге ● Жұмсақ ыдыс жуатын құрал мен су ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Алдында тізімделген жалпы емханалық тазалау құралдарының осы өніммен қолайлылығы сәтті сынақтан өткізілді.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq жүктеу құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес планшеттері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
10 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8) Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың және қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, қосымша сыртқы флэш драйвын немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады. ● f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі және зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. РК деп жазыңыз және Этот ПК (осы компьютер) тармағын түртіңіз. 3. Егер HP қалпына келтіру бөлшегі тізімде болса, планшетті өшіріңіз. 4.
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10) Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
● Егер планшетте Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы планшетпен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers (Әлемдік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Создать носитель для восстановления системы (Қалпына келтіру медиа құралын жасау) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (55-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (55-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (57-бет) бөлімінен қараңыз.
● Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді. ● Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру – Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру және бөліктерді қайта жасау арқылы планшетті бастапқы зауыттық күйіне келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. BIOS құралын ашу: ▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз. – немесе – Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз. 3.
12 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен планшеттегі BIOS нұсқасын анықтаңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (58-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
13 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал планшеттің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2. Драйверы и загрузки (Драйверлер және жүктеулер) тармағын таңдаңыз. 3.
14 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://h20565.www2.hp.com/portal/site/hpsc мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу. ЕСКЕРТПЕ: Чат байланысы қандай да бір тілде қамтамасыз етілмесе, ағылшын тілін пайдалануға болады. ● Электрондық пошта арқылы қолдау.
15 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
16 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
а Планшетті сапарға алып шығу Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
ә Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
б Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Планшет туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
● Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз. ● Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз. Видео сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Планшеттің және сыртқы дисплей құрылғысының қосылғанына көз жеткізіңіз. Одан кейін, планшет экраны мен сыртқы дисплей арасында ауысу үшін, экрандағы пернетақтада fn+f4 пернелер тіркесімін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а.
Индекс А ағытпа, қуат 10 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 26 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 71 астыңғы жағы 11 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 8 аудио функциялары, тексеру 25 аудио функцияларын тексеру 25 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 8 Ә әкімші құпия сөзі 42 Б бағдарламалық құрал антивирус 44 желіаралық қалқан 44 маңызды жаңартулар 44 бастапқы жүйені қалпына келтіру 55 бастапқы қалпына келтіру мүмкіндіктер 54 батарея батареяның төмен деңгейлері 35 зарядсыздану 35 қалған зарядты көрсет
қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 7 қоғамдық WLAN қосылымы 16 қолдау көрсетілетін дискілер, қалпына келтіру 53 қолжетімділік 67 қоршаған орта жарығының датчигі, анықтау 6 Қосымша драйверлі USB қолдауы 58 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалану 39 қуат батарея 34 мүмкіндіктер 32 үнемдеу 36 қуат ағытпасы, анықтау 10 қуат түймесі 32 қуат түймешігі, анықтау 9 қуатты үнемдеу күйлері 32 құлақаспаптар және микрофондар, қосу 25 құлаққап (аудио шығыс) ұясы 8 құпия сөздер әкімші 42 пайдаланушы 42 қызметтік жапсырмалар
ұяшықтар қауіпсіздік кабелі 7 смарт карта 8 Ү үнемдеу, қуат HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 56 қосу 56 HP Recovery құралы жасау 52 HP жүйені қалпына келтіру құралы қалпына келтіру 56 36 Ш шамдар RJ-45 (желі) 10 веб-камера 7 штрих-код сканері анықтау 10 әдепкі параметрлер 30 реттеу 29 сканерлеу 28 J Java картасы анықталған 37 салу 37 шығарып алу 37 Ы ықшамдалған кескін, жасау 55 Э электростатикалық разряд 69 N NFC 31 NFC түрту аймағы 6 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 10 RJ-45 (желі) шамдары