User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

1 Қош келдіңіз
Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау маңызды:
●
Интернетке қосылу – Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту – Планшетті вирустардан болатын зақымнан
қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған. Қосымша ақпаратты Вирусқа
қарсы бағдарламаны пайдалану (44-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Планшетпен танысу – Планшет мүмкіндіктері туралы мәліметтерді алыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін, Планшетпен танысу (5-бет) және Түрту қимылдарын пайдаланып шолу (19-бет)
бөлімдерін қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу – Планшетте алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін мына жолмен қараңыз:
Windows
®
10 жүйесі бар планшеттерде, Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар) опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін саусақпен басып ұстап тұрыңыз, содан кейін Программы и компоненты
(Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Windows 8 жүйесі бар планшеттерде, қолданбалар экранын ашу үшін, Бастау экраны арқылы
сенсорлы экранның ортасынан саусағыңызды жоғары қарай жылжытыңыз.
Планшетпен бірге сатылатын бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты
өндірушінің нұсқаулығынан қараңыз. Нұсқаулық бағдарламалық құралмен бірге жабдықталуы
немесе өндірушінің веб-сайтында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық
көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8) (49-бет) бөлімін қараңыз.
1










