User's Guide

Table Of Contents
Астыңғы жағы
Келесі бөліктер I/O үшін ашатын есіктер арқылы қорғалады. Есікті ашу үшін, оның төменгі жиегін
жайлап көтеріңіз.
Бөлік Сипаттама
(1) Штрих-код сканері (тек таңдаулы
үлгілерде)
Штрих-кодтарды сканерлейді.
Штрих-код сканерін пайдалану туралы ақпаратты
Штрих-код сканері (тек таңдаулы үлгілерде) (28-бет)
бөлімінен қараңыз.
(2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары дисплей немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе
жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(3) Қуат коннекторы/қондыру қосқышы Қосымша айнымалы ток адаптерін немесе қосымша
жалғау құрылғысын жалғайды.
(4) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану (37-бет) бөлімінен
қараңыз.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда.
(6) DB9 тізбекті порты Тізбекті порт, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша
құрылғыны қосады.
(7) Иықбау қосқышы Қосымша иықбауын қосады.
Жапсырмалар
Планшетке жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе планшет алып шетелге
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орынды қараңыз: планшеттің артқы жағы.
10 2-тарау Планшетпен танысу