User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

Windows 8 жүйесі бар планшетте, сенсорлы экранның оң жақ жиегінен саусағыңызды сырғытып
шебер түймелерді шығарыңыз да, Настройки (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп,
Регулировать яркость экрана (Экран жарықтығын реттеу) пәрменін таңдауға және экранның төменгі
жағындағы Яркость экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны жылжытуға
болады.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы
мәліметтерді табу
Планшетте орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту
Көптеген бағдарламалық құралдар, соның ішінде амалдық жүйе, өндіруші немесе провайдер
тарапынан жиі жаңартылып отырады. Планшет зауыттан шығарылғаннан кейін онда орнатылған
бағдарламалық құралдардың маңызды жаңартулары пайда болуы мүмкін.
Кейбір жаңартулар планшеттің қосымша бағдарламалық құралға немесе сыртқы құрылғыларға жауап
беру жолына әсер етуі мүмкін. Жаңартулардың көбі жақсартылған қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Амалдық жүйе мен планшетте орнатылған басқа да бағдарламалық құралдарды Интернетке
қосылған сайын жаңартып отырыңыз. Жаңартуларды http://www.hp.com HP веб-сайтынан қарауға
болады.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу 13










