User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

3 Желіге қосылу
Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі
байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы
ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Планшет келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы планшетті корпоративті офистер, үй және әуежайлар,
мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда
(әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге
қосады. WLAN желісінде палншеттегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен
немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth
®
құрылғысы – компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке
аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, HP Support Assistant бағдарламасындағы
ақпаратты және веб-тораптар сілтемелерін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасын ашу үшін
Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Windows 10 жүйесі бар планшетте, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына панель
управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы)
опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Windows 8 жүйесі бар планшетте, шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы
экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Настройки (Параметрлер) тармағын, одан кейін
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын түртіңіз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет), одан кейін Центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ пайдалану аймағы) тармағын түртіңіз.
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant
бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
14 3-тарау Желіге қосылу










