User's Guide

Table Of Contents
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі
берген ақпаратты қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель арқылы
қосу ұсынылады. Планшет Интернетке сәтті қосылғаннан кейін кабельді ажыратып, Интернетке
сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген
кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және
әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Байланыс орнында
планшеттің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, құпия емес электрондық пошта хабарын жіберу
және негізгі Интернетте іздеу сияқты желі әрекеттерімен шектеліңіз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық шараларын
қолданыңыз:
Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз.
Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді және
кез келген күмәнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да,
жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
Сымсыз шифрлауды қолданыңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін
қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant
бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет)
бөлімін қараңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
3. Ұшақ режимін өшіруды ұмытпаңыз, тізімнен WLAN жүйесін таңдап, Coединить (жалғау) пәрменін
түртіңіз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Windows 10 жүйесі бар планшетте кодты жазып Далееелесі) түймешігін басыңыз, Windows 8
жүйесі бар планшетте Вход в системуүйеге кіру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ешқандай сымсыз жергілікті желі таңдалмаса, сымсыз жол жоспарлағыштың
немесе кіру нүктесінің қызмет аймағынан тыс болуыңыз мүмкін.
16 3-тарау Желіге қосылу