User's Guide

Table Of Contents
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
Үлкейту үшін, екі саусақты экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын
жақындатыңыз.
Саусақты жиектерден сырғыту (тек Windows 8 жүйесінде)
Саусақты жиектерінен жылжыту параметрлерді өзгерту және қолданбаларды табу немесе пайдалану
сияқты тапсырмаларды орындау үшін компьютердегі құралдар тақталарын ашу мүмкіндігін береді.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл
түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе
параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану 21