User's Guide

Table Of Contents
5 Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
Планшеттің келесі мүмкіндіктері болуы мүмкін:
Кірістірілген үндеткіштер
Кірістірілген веб-камера
Штрих-код сканері (тек таңдаулы үлгілерде)
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
Планшетіңізде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде
радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге
болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс
құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді планшеттегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо-ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді планшетке қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыға ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI үшін дыбыс реттеу (27-бет)
бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін планшеттің артқы жағында орналасқан дыбыс деңгейін реттеу түймешіктері арқылы
реттеуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық,
қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін
Windows 10
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Windows 8
Бастау экранынан HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер
(Менің компьютерім) опциясын, сосын Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
24 5-тарау Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер