User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды немесе гарнитураларды планшеттегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) комбо-ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Планшетке сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін
Windows 10
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Windows 8
Бастау экранынан HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер
(Менің компьютерім) опциясын, сосын Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Аудио функциялары дұрыс жұмыс істемейтін болса, ақаулықтарды жою бойынша
нұсқауларды планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Планшеттегі аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Windows 10 жүйесі бар планшетте, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына панель
управления
(басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы)
опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Windows 8 жүйесі бар планшетте, шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы
экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Поиск (Іздеу) тармағын, одан кейін іздеу өрісін
түртіңіз. Іздеу жолағынап әрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пәрменін
түртіңіз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) пәрмендерін
түртіңіз.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз. Программные
события (Бағдарламалар оқиғалары) қызметі арқылы сигнал немесе ескерту дыбысы сияқты кез
келген дыбысты таңдаңыз және Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз. Дыбысты үндеткіштер
немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Планшеттегі жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Windows 10 жүйесі бар планшетті пайдаланғанда 2-қадамға өтіңіз. Windows 8 жүйесі бар
планшетте шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен
сырғытыңыз және Поиск (Іздеу) бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін іздеу терезесін басыңыз.
2. Іздеу жолағына з әрпін жазыңыз, одан кейін Звукозапись (Дыбыс жазу) пәрменін таңдаңыз.
Аудио 25










