User's Guide

Table Of Contents
3. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз.
4. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз.
5. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
Планшеттегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Windows 10 жүйесі бар планшетті пайдаланғанда 2-қадамға өтіңіз. Windows 8 жүйесі бар
планшетте шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен
сырғытыңыз және Поиск (Іздеу) бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін іздеу терезесін басыңыз.
2. Іздеу жолағында панель управления деп теріп, одан кейін Панель управления (Басқару
тақтасы
) пәрменін түртіңіз.
3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) пәрмендерін
түртіңіз.
Веб-камералар
Планшетіңіздің кірістірілген екі веб-камерасы бар. Алдын-ала орнатылған бағдарламалық құралдың
көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камераларды пайдалануға болады. Фотосуреттерді
немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Жақсы нәтиже үшін, планшетті екі қолыңызбен тұрақты түрде ұстаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпаратты алу үшін, веб-камераның бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Бейне
Бұл HP планшеті таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-ақ
планшеттен тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне
құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында планшетті сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне портты пайдаланыңыз. Ажыратымдылығы жоғары мониторды
немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы планшеттегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшетіңіздің видео порттары туралы ақпаратты Планшетпен танысу (5-бет) бөлімінен
қараңыз.
HDMI
HDMI порты арқылы планшет ажыратымдылығы жоғары дисплей сияқты бейне немесе дыбыстық
құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғанады.
26 5-тарау Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер