User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі
(бөлек сатылады) керек болады.
Планшеттің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Планшет экранындағы
ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін:
1. Планшеттің төменгі жағындағы К/Ш қақпағын ашқан соң, HDMI кабелінің бір ұшын планшеттегі
HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз.
3. Планшет экранындағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосуға болады:
●
ДК экраны ғана: Планшет экранындағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта планшет пен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді планшет пен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранында
панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) пәрменін таңдаңыз. Windows 10 жүйесі бар планшетте Дисплей ішінен Настройка
разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін таңдаңыз және Windows 8 жүйесі бар
планшетте Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын теңшеу) параметрін
таңдаңыз.
HDMI үшін дыбыс реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио
немесе бейне құрылғысын планшеттегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, әдепкі аудио ойнату
құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
Бейне 27










