User's Guide

Table Of Contents
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің қуат түймешігі болады.
Планшеттің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып,
планшетті өшіреді.
Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз.
Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пәрменін қолдану
ұсынылады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып, ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows 10 жүйесі бар планшетте Пускастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін,
содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
– немесе –
Windows 8 жүйесі бар планшетте, шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы
экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Параметры (Параметрлер) пәрменін таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
Планшет жауап бермесе және жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін болмаса,
келесі төтенше жағдай қадамдарды көрсетілген ретімен орындап көріңіз:
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Планшетті сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқы күйі зауытта іске қосылады.
Ұйқы күйі қосылғанда, экран тазаланып, жұмыс жадқа сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Планшет қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып, ұйқы күйін қосуға болады:
32 6-тарау Қуатты басқару