User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Windows 10 жүйесі бар планшетте Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін,
содан кейін Спящий режим (Ұйқылық режим) параметрін таңдаңыз.
– немесе –
Windows 8 жүйесі бар планшетте, шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы
экранның оң жақ жиегінен сырғытыңыз және Параметры (Параметрлер) пәрменін таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басып, Спящий режим (Ұйқылық режим) параметрін таңдаңыз.
Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз.
Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін
енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін және Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат
жоспарын экранда көру үшін, қуат көрсеткіші белгішесін түртіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін саусақпен басып ұстап тұрыңыз
және Электропитание (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері планшеттің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс
істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде,
белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Планшетті ұйқы күйінен шыққанда құпия сөз талап етуге реттеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Қуат көрсеткіші белгішесін саусақпен түртіп ұстап тұрыңыз және Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін басыңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту
қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану
Планшет сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты планшет
Қуат параметрлерін орнату 33










