User's Guide

Table Of Contents
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Планшет АТ көзіне қосылғанда, батареялар
зарядталады және қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп төнбейді. Планшет батареялары
қуатталған болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, планшет айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты
түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін,
дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Қосымша ақпаратты Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін
пайдалану (36-бет) бөлімінен қараңыз.
Зауытта пломбаланған батареялар
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряд тұрақтамаса, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) ішіндегі Батареяны тексеру бағдарламасын іске қосыңыз. HP Support Assistant
бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз. HP Support Assistant
бағдарламасында Мой ПК (Менің ДК) параметрін, Диагностика и инструменты (Диагностика және
құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған
болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны (батареяларды) алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның
заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батареялар туралы ақпарат бар.
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім
мен сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
1. HP Support Assistant бағдарламасын ашыңыз. Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдап, HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. АТ адаптерін планшетке қосыңыз.
34 6-тарау Қуатты басқару