User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Қуат көзі болмаса және батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, планшетті
өшіріңіз.
Батарея қуатын үнемдеу
●
Қуат көрсеткішін саусақпен түртіп ұстап тұрыңыз және Электропитание (Қуат параметрлері)
тармағын таңдаңыз. Төменгі қуат үнемдеу параметрлерін таңдаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды және LAN байланыстарын өшіріңіз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Экран жарықтығын азайтыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін қосыңыз немесе планшетті өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда планшет батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, планшетпен бірге
жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз еткен ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін
немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату
нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлар орын алса, компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
●
Батарея зарядталып тұрса.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосқанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар орын алады:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Планшет қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесінің түрі өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Планшет батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
36 6-тарау Қуатты басқару










