User's Guide

Table Of Contents
7 Сыртқы карталар және құрылғылар
Смарт карталарды қолдану
ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін
білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы
құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты басқаратын амалдық
жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Өндірістік стандартты смарт карталар смарт карта оқитын құралдармен бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support
Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
Смарт картаны енгізу
1. Планшеттің бетін төмен қаратып тегіс бетке қойыңыз. I/O үшін ашатын есікті басып, оңға
бұрыңыз. Есікті алыңыз.
2. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу
құралына жайлап салыңыз.
3. I/O үшін ашатын есікті жабу үшін есіктегі нүктені планшеттегі нүктемен туралап, ол орнына
түскенше сол жаққа бұрыңыз.
4. Планшетке смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Смарт картаны шығарып алу
1. Планшеттің бетін төмен қаратып тегіс бетке қойыңыз. I/O үшін ашатын есікті басып, оңға
бұрыңыз. Есікті алыңыз.
2. Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
3. I/O үшін ашатын есікті жабу үшін есіктегі нүктені планшеттегі нүктемен туралап, ол орнына
түскенше сол жаққа бұрыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Әмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі
болып табылады.
Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты
өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Бағдарламалық құралмен қамтамасыз етілген бұл нұсқаулар
дискіде немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Планшетте USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде екі USB порты
бар. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы планшетпен пайдалануға болатын
қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
Смарт карталарды қолдану 37