User's Guide

Table Of Contents
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
Планшеттің төменгі жағындағы К/Ш есігін ашқаннан кейін, құрылғыға арналған USB кабелін USB
портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы
мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы бірінші рет қосылған кезде, планшеттің құрылғыны танытқанын көрсету
үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында
кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол бермеу
мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығын жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
Тізбекті құрылғыны пайдалану
DB9 тізбекті порты арқылы тізбекті модем, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша құрылғылар
қосылады.
Кейбір тізбекті құрылғылар әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты
өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
38 7-тарау Сыртқы карталар және құрылғылар