User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

▲
Тізбекті құрылғыны қосу үшін, планшеттің төменгі жағындағы К/Ш қақпағын ашқан соң, құрылғы
кабелінің бір ұшын планшеттегі тізбекті портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы
мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпаратты алу үшін немесе
планшеттің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Планшетке сыртқы құрылғыны қосу үшін
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгендігін және айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1. Құрылғыны планшетке қосыңыз.
2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы
ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
планшеттен ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін оны өшіріп,
планшеттен ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мәліметтерді сақтау және оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын
ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін планшеттегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін ток беретін USB порттарына ғана жалғау керек.
сондықтан, HP компаниясы HP сыртқы USB оптикалық дискілерін планшетке жалғауды ұсынбайды.
USB дискілерінің мына түрлері бар:
●
1,44-Мбайт дискет жетегі
●
Қатты диск модулі
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 39










