User's Guide

Table Of Contents
8 Қауіпсіздік
Планшетті қорғау
Windows амалдық жүйесі және Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері
жеке параметрлеріңізді және деректерді әртүрлі қауіптерден қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық
көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл тарауда сипатталған кейбір функциялар планшетте болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет Ең жоғарғы дерек қорғау бағдарламасын қолдайды. Егер планшет жоғалса
немесе ұрланса, оның тұрған орнын анықтап, бекітіп тастауға болады және жеке деректерді алыстан
құртуға болады. Планшет Интернетке қосылып тұруы тиіс.
Планшет үшін қауіп-қатер Қорғау қызметі
Планшетті рұқсатсыз қолдану HP клиент қауіпсіздік қызметін құпиясөз немесе басқа растау
талаптарымен бірге қолдану
Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын ашу Computer Setup (Компьютерді орнату) құралындағы BIOS
әкімші құпия сөзі*
Рұқсатсыз қосымша сыртқы флэш драйвынан бастау Computer Setup (Компьютерді орнату) құралындағы жүктеу
параметрлері мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
HP драйвын шифрлау бағдарламасы
Windows қорғағышы
*Computer Setup (Компьютерді орнату) дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита, ол амалдық жүйе
жұмыс істемей немесе жүктелмей тұрғанда да қолданылады. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасында жылжу
және таңдауды жасау үшін, (USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтасыз планшеттерде сенсорлы экранды пайдалануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — планшет ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінде немесе планшетте алдын ала орнатылған Computer Setup арқылы тағайындалады.
Орнату құпия сөздері Computer Setup утилитасында орнатылып, жүйенің BIOS бағдарламасы
арқылы басқарылады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Планшетті қорғау 41