User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпяисөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен вебсайттар үшін қолданбаңыз.
●
HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен
қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды
қауіпсіз оқуыңызға болады.
●
Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows және BIOS әкімшілік құпия сөздерінің тізімі және
олардың функцияларының сипаттамасы берілген
.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Windows әкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
әкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын
рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows әкімші құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу үшін, HP
Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту
түймесімен бірге басып, Computer Setup (Компьютерді орнату) құралын ашу үшін F10 пернесін
түртіңіз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Create BIOS Administrator password (BIOS әкімшісінің құпия сөзін
жасау) немесе Set Up BIOS Administrator Password (BIOS әкімшісінің құпия сөзін орнату, тек
таңдаулы үлгілерде) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter параметрін таңдаңыз.
3. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
4. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
5. Өзгерістерді сақтап Computer Setup (Компьютерді орнату) құралынан шығу үшін, Save (Сақтау)
белгішесін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Басты), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдап, enter
параметрін таңдаңыз.
42 8-тарау Қауіпсіздік










