User's Guide

Table Of Contents
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Планшетті электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, және көбінесе олардың келтірген
зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Құрамында антивирус функциясы бар Windows Defender планшетте орнатылған. Планшетті қорғау
үшін өз таңдауыңыз бойынша вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануға кеңес беріледі
.
Вирустар туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support
Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет) бөлімін қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан планшетке және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және
бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған планшетті қорғайтын бағдарламалық
құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар – DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық құрылғыларды қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Windows Defender планшетіңізде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның
параметрлерін қайта реттеңіз. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша өшіріп,
орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Планшетті қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін Microsoft
компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар.
Параметрлерді өзгерту үшін
Windows 10
44 8-тарау Қауіпсіздік