User's Guide

Table Of Contents
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
SoftPaq жүктеу құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес планшеттері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq
нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq
файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан планшет үлгісі мен SoftPaq
ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы жүктеуге
болатын SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше планшет үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
SoftPaq жүктеу құралы HP FTP веб-сайтында дерекқор немесе бағдарламалық құралдың
жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар жүктеліп, автоматты
түрде қолданылады.
SoftPaq жүктеу құралын HP веб-сайтынан жүктеп алуға болады. SoftPaq жүктеу құралын SoftPaq
файлдарын жүктеуге пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны жүктеп орнатуыңыз керек.
http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша HP веб-сайтынан SoftPaq жүктеу бағдарламалық
құралын жүктеу және орнату нұсқауларын орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
1. Windows 10 жүйесі бар планшетті пайдаланғанда 2-қадамға өтіңіз. Windows 8 жүйесі бар
планшеттерде шебер түймелерді көрсету үшін, саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ
жиегінен сырғытыңыз және Поиск (Іздеу) бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін іздеу терезесін
басыңыз.
2. Іздеу жолағына softpaq сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен HP SoftPaq жүктеу
құралы тармағын таңдаңыз
. SoftPaq бағдарламасын жүктеу үшін нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясы сұрақ қойса, Иә түймешігін басыңыз.
48 9-тарау Күтім