User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

10 Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру (Windows 8)
Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың және
қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз,
қосымша сыртқы флэш драйвын немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені
жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, планшеттің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен
қалпына келтіруге болады.
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазып, көрсетілген опциялар тізімінен
таңдаңыз
.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау және қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін Windows жүйесіндегі анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды және кейін
пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі планшеттің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын
басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) тармағын
қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру және жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей
нәтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру
дискілерін және бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама және
деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін
жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет.
Windows сақтық көшірме жасау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты және нұсқауларды
«Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, планшет файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 49










