User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне
дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
●
f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі және
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер планшет қосылмаса (бастау) және бұрын жасалған (кейбір үлгілерде ғана) жүйені
қалпына келтіру медиасын қолдану мүмкін болмаса, қолдау көрсету орталығына хабарласаңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Ақпаратты бұрын жасалған сақтық көшірмеден қалпына келтіру үшін файлдар мен қалталарды
қалпына келтіру туралы нұсқауларды Windows «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау)
бағдарламасынан қараңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған
барлық файлдар мен планшетке орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады.
Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық
жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және утилиталарды қалпына келтіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Ол үшін үшін сыртқы пернетақта, тінтуір және сыртқы флэш карта қажет болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын
басыңыз. Файл сөзін жазып, Проводник (файл іздеуші) қолданбасын түртіңіз.
3. Windows және бейнені қалпына келтіру бөлімдері тізімде болса, компьютерді өшіріңіз.
4. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мәзірі көрсетіледі.
5. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пәрменін таңдап, Дополнительные параметры
(Қосымша параметрлер) опциясын және Восстановление при загрузке (Қосылғанда жөндеу)
параметрін таңдаңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Windows жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) қызметінен осы тақырыптарды
іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен планшетке орнатылған барлық бағдарламалық құралдар біржолата
жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені, драйверлерді, Windows
жаңартуларын және тіл пакеттерін қайта орнатады. Барлық басқа қолданбаларды HP.com мекен-
жайынан немесе Windows Store вебсайтынан жүктеп алу қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Ол үшін үшін сыртқы пернетақта, тінтуір және сыртқы флэш карта қажет болады.
50 10-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)










