User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

●
Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру – Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру және
бөліктерді қайта жасау арқылы планшетті бастапқы зауыттық күйіне келтіреді. Содан кейін,
амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын
пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты
диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Алынбалы пернетақтасы бар планшетті пайдалану кезінде, пернетақтаны
келесі қадамдарды бастамас бұрын пернетақта қондырмасына жалғаңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін Recovery Manager тармағын, одан кейін HP Recovery Environment тармағын таңдаңыз.
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз. Одан кейін f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып ұстап тұрыңыз.
Одан кейін f11 пернесін басыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл әдісті
амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс
істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, планшетті өшіріп қайта іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта іске
қоспаса, планшеттің жүктеу ретін өзгертіңіз. Планшеттің жүктеу ретін өзгерту (56-бет) бөлімін
қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Планшеттің жүктеу ретін өзгерту
Егер планшетіңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта іске қосылмаса, құрылғыны жүктеу
ретін өзгертуге болады. Бұл – планшет жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың
реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
56 11-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)










