User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен
планшеттегі BIOS нұсқасын анықтаңыз.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn
+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup (Компьютерді
орнату) утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (58-бет) бөлімін қараңыз.
2. Main (Негізгі), одан кейін System Information (Жүйе туралы ақпарат) пәрмендерін таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасынан шығу үшін, экранның
төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (60-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Планшетке зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын
планшет айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп
алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау
құрылғысына немесе қосымша қуат көзіне жалғанғанда, BIOS жаңартуын жүктеуге немесе орнатуға
болмайды. Жүктеп алу және орнату барысында мына нұсқауларды орындаңыз:
Планшетті өшіргенде қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратып өшірмеңіз.
Планшеттің жұмысын аяқтамаңыз немесе планшетте ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
2. Жаңартулар үшін таңдау жасаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір планшетте орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз
жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер планшет желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
60 12-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start










