User's Guide
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Планшетпен танысу
- Желіге қосылу
- Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
- Егжей-тегжейлі мүмкіндіктер
- Қуатты басқару
- Планшеттің жұмысын аяқтау
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Сыртқы карталар және құрылғылар
- Қауіпсіздік
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 8)
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (Windows 10)
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Планшетті сапарға алып шығу
- Электростатикалық разряд
- Ақаулықтарды жою
- Индекс

б Ақаулықтарды жою
Ақаулықтарды жою көздері
●
Планшет туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты HP Support Assistant
қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасын ашу үшін Ақпаратты табу (2-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет.
НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады.
●
Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін
http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін
пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз.
Мүмкіндіктер тізімінен қолдау түрін таңдаңыз:
◦
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде чат мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
◦
HP қолдау қызметіне электрондық пошта хабарламасын жіберу.
◦
НР қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
◦
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Мәселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мәселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Планшет қосылмайды
Планшет қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар планшеттің неліктен
қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
●
Егер планшет айнымалы ток розеткасына қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру
үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы планшетпен бірге берілген немесе осы планшет үшін НР компаниясы ұсынған
айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
●
Егер планшет айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса, айнымалы ток
адаптерін пайдаланып, планшетті айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. Қуат сымы мен
айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз.
●
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз.
●
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
70 б қосымшасы Ақаулықтарды жою










