Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft, Windows және Windows Vista – Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. НР өнімдері мен қызметтеріне берілетін кепілдіктер тек осы өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін анық кепілдік мәлімдемелерінде көрсетіледі. Осы құжаттағы мәлімдемелердің ешқайсысын қосымша кепілдік ретінде есептеу дұрыс емес.
1 тарау. Кіріспе 1.1 Мүмкіндіктері Бірнеше тілде экран мәзірін реттеу IBM VGA, кеңейтілген VGA, VESA VGA, SVGA, XGA және WXGA режимдерімен үйлесімді Қолдануға болатын кернеулердің кең ауқымы (айнымалы ток 100-240 В, 50/60 Гц) ешбір реттеусіз тікелей қолдануға мүмкіндік береді. Plug-and-play VESA DDC1/ 2B стандарты. 1.
2 тарау. Орнату 2.1 Табанды орнату Үлгіңіз үшін табанды орнату үшін төменде суреттелген қадамдарды орындаңыз. Ескертпе: Төмендегі суреттер анықтама үшін берілген. Үлгіңізде жиектеме, артқы қақпақ және тұғыр өзгеше болуы мүмкін.
49,403 см/19,45” үлгілер 2.2 Мониторды компьютерге қосу 1. 2. 3. Қуатты өшіріп, компьютерді розеткадан ағытыңыз. Сигнал кабелінің 15 істікшелі шетін монитордың VGA порты мен компьютердің артқы жағындағы VGA OUT ұясына жалғаңыз. Сигнал кабелінің екі ұшындағы бұрандаларды бекемдеу арқылы кабельді бекітіңіз. Қуат кабелінің бір шетін мониторға жалғаңыз, одан кейін екінші шетін жақындағы розеткаға қосыңыз.
• • Қуат сымын электрлік розеткадан суыру арқылы жабдықты қуат көзінен ажыратыңыз. Қауіпсіздігіңіз үшін, қуат сымдарының немесе кабельдердің үстіне ешнәрсе қоймаңыз. Оларға ешкім баспайтындай немесе сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз. Сым не кабельден тартпаңыз. Электрлік розеткадан ажыратқан кезде, сымды ашасынан ұстаңыз. 4. Компьютер мен мониторды қосыңыз. Мониторда сурет көрсетілсе, демек орнату дұрыс жасалды. Мониторда сурет көрсетілмесе, барлық жалғауларды тексеріңіз. Абай болыңыз: 1.
49,403 см/19,45” үлгілер Табандағы бекіту түймесін басып, табанды тұғырдан шешіп алыңыз.
3 тарау. Мониторға шолу Алдыңғы панельдегі басқару элементтеріне шолу Ескертпе: Төмендегі сурет анықтама үшін берілген. Үлгіңізде экрандық дисплей (экран) түймесінің белгішесі өзгеше болуы мүмкін. Басқару элементі Функция 1 Мәзір Экран мәзірін ашу, таңдау және одан шығу 2 - Минус Экран мәзірі қосылған болса, экран мәзірінде артқа жылжу және реттеу деңгейлерін азайту үшін басыңыз. 3 + Плюс Экран мәзірі қосылған болса, экран мәзірінде алға жылжу әне ж реттеу деңгейлерін көбейту үшін басыңыз.
4 тарау. Қолдану нұсқаулары 4.1 Қуатты ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Мониторды қосу/өшіру үшін осы түймені басыңыз. Ескертпе: ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі мониторды токтан ажыратпайды. Негізгі кернеуді толығымен ажырату үшін, қуат сымын электрлік розеткадан алып тастаңыз. 4.2 Қуат көрсеткіші Монитор қалыпты түрде жұмыс істеп тұрғанда қуат диоды көк түсті болып жанып тұрады. Монитор қуат үнемдеу режимінде жұмыс істесе, бұл көрсеткіштің түсі сарғылтқа ауысады. Монитор өшіп тұрғанда, бұл көрсеткіш жанбайды. 4.
5 тарау. Техникалық ақпарат 5.1 Зауытта орнатылған көрсету режимі 46,99 см/18,5” үлгілер Алдын ала орнатыл ған Пиксель пішімі Көлд. жиілік (кГц) Көлд.
5.2 Өнім сипаттамасы Өлшемі 46,99 см/18,5" кең экранды үлгілер Максималды ажыратымдылық 1366 x 768 @ 60 Гц Ұсынылған ажыратымдылық 1366 x 768 @ 60 Гц Көлденең жиілік 24-70 кГц Тік жиілік 50-60 Гц Көрінетін өлшемі 409,8 x 230,4 мм Көрінетін бұрыш 90 (К) 65 (Т) Еңкейту бұрышы -5° пен 20° арасында Пиксель жиілігі 110 МГц Экран мәзіріндегі функциялар Жарықтық, контраст, суретті басқару, Экран мәзірін басқару, тілдер, түс, басқару, ақпарат, зауыттық параметрлерді қалпына келтіру, шығу.
Өлшемі (орамасымен бірге) 538 (Ұ) x 125(Е) x 420 (Б) мм Таза салмағы / жалпы салмағы 2,7 кг / 3,8 кг Қуат көзі 100–240 В айнымалы ток, 50/60 Гц Биіктік (жұмыс жағдайында) 0–5000 м (0–16400 фут) Биіктік (сақтау жағдайында) 0–12192 м (0–40000 фут) Кіріс сигналдары VGA Контраст 600: 1 Жарықтық 200 кд/м2 Жауап беру уақыты 5 мс Көрсетілетін түстер саны 16,7 миллион Қуаты (макс.
A Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат кабелі беріледі. Басқа кабель қолданылса, тек осы мониторға жарамды қуат көзі мен жалғауды қолданыңыз. Монитормен бірге қолданылатын тиісті қуат кабелі туралы ақпаратты Агенттіктің заңды ескертулеріндегі «Қуат кабеліне қойылатын талаптар» бөлімінен қараңыз. Ескерту! Ток соғу не жабдықты зақымдау тәуекелін азайту үшін: • Қуат сымын жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз.
• • • Розеткаға қосылған өнімдердің жалпы ток күші розетканың номиналды ток күшінен және қуат кабеліне қосылған өнімдердің жалпы ток күші қуат кабелінің номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Әрбір құрылғының номиналды ток күшін (ампер не А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз. Мониторды розеткаға жақын жерде орнатыңыз. Мониторды ағытқан кезде айырды мықтап ұстап, розеткадан шығарып алыңыз. Мониторды ағытқан кезде кабельден ұстап тартушы болмаңыз. Қуат сымына ешқандай зат қоймаңыз.
Мониторды тасымалдау Бастапқы қорапты сақтау аумағында ұстаңыз. Кейін мониторды көшірген не тасымалдаған кезде ол керек болуы мүмкін. Мониторды тасымалдауға дайындау үшін "Тасымалдау үшін табанды шешіп алу" 2-тарауын қараңыз.
В Агенттіктің заңды ескертулері Байланыс жөніндегі федералдық комиссия ескертуі Осы жабдық сынақтан өткізіліп, FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес В сыныбындағы цифрлық құрылғыларға қойылатын шектеулерге сай келеді деп танылды. Бұл шектеулер тұрғын ғимаратта орнатылған кезде зиянды кедергіден тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін орнатылған.
Канадаға қатысты ескерту Осы В класындағы цифрлік жабдық Канадалық кедергі беретін жабдық ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келеді. CAN ICES-3(B)/NMB-3(B) Avis Canadien Cet appareil numérique de la classe B respecte toutes les exigences du Règlement sur le materiel brouilleur du Canada.
Қуат кабеліне қойылатын талаптар Мониторға берілетін қуат Автоматты желіні ауыстыру (ALS) мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Бұл мүмкіндік мониторға 100–120 В не 200–240 В аралығындағы кіріс кернеулермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Монитормен бірге келген қуат кабелі (майысқақ кабель не айыр) жабдықты сатып алған елде қолдану талаптарына сәйкес келеді. Басқа ел үшін қуат кабелін сатып алу керек болса, сол елде қолдануға рұқсат етілген қуат кабелін сатып алуыңыз керек.
JIS C 0950, 2005 стандартында анықталған Жапониялық заңды талапқа сәйкес, өндірушілер 2006 жылғы 1 шілдеден бастап кейбір электрондық өнім санаттары үшін Материал құрамы туралы мәлімдемемен қамтамасыз етуі тиіс. Осы өнім үшін JIS C 0950 стандартына сәйкес материалдар туралы мәлімдемені көру үшін http://www.hp.com/go/jisc0950 мекенжайына кіріңіз.
Түркия EEE нұсқауы EEE нұсқауына сәйкес келеді EEE Yönetmeliğine Uygundur Зиянды заттар бойынша Украина шектеуі Бұл жабдық Украинаның Министрлер үкіметінің 3 желтоқсан 2008 ж. №1057 шешімімен бекітілген, электрлік және электрондық жабдықта белгілі зиянды заттардың қолданылуы бойынша шектеулерге қатысты Техникалық нұсқаудың талаптарына сәйкес келеді.
С Ақаулықтарды жою Жалпы мәселелерді шешу Төменде ықтимал мәселелер, себептер және ұсынылған шешімдер берілген: Мәселелер Қуаттың диод көрсеткіші жанбайды Шешімдер Қуат түймесі қосылғанына және қуат кабелі жерге тұйықталған розетка мен мониторға қосылғанына көз жеткізіңіз. Экран мәзірінде Басқару тармағын, одан кейін панельдегі қуат көрсеткішін таңдаңыз. Панельдегі қуат көрсеткіші "Өшіру" кү йіне қойылғанын тексеріңіз. Олай болса, оны "Қосу" күйіне орнатыңыз.
Мәселелер Қақтау, жыпылықтау не муар әсері Монитор үшін "Ұйқы режимі" үнемі қосылып тұрады (сары түсті диод). Шешімдер (жалғасы) Мониторды электр кедергі тудыратын электр құрылғылардан аулақ ұстаңыз. Ағымдағы ажыратымдылықта монитордың максималды жаңарту жылдамдығын қолданыңыз. Монитор қуаты қосылғанына көз жеткізіңіз. Компьютердің графикалық картасы ұясында бекітілген болуы тиіс. Монитордың бейне кабелі компьютерге дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз. Монитордың бейне кабелін тексеріңіз.