User's Guide

12
A Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге қуат кабелі беріледі. Басқа кабель қолданылса, тек осы мониторға
жарамды қуат көзі мен жалғауды қолданыңыз. Монитормен бірге қолданылатын тиісті қуат
кабелі туралы ақпаратты Агенттіктің заңды ескертулеріндегі «Қуат кабеліне қойылатын
талаптар» бөлімінен қараңыз.
Ескерту! Ток соғу не жабдықты зақымдау тәуекелін азайту үшін:
Қуат сымын жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы маңызды
қауіпсіздік функциясын атқарады.
Қуат сымын кез келген уақытта оңай қол жеткізуге болатын жерге тұйықталған
электрлік розеткаға жалғаңыз.
Жабдықтың қуатын қуат кабелін розеткадан ағыту арқылы ажыратыңыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қуат кабеліне не басқа кабельдерге ешқандай зат
қоюшы болмаңыз. Оларды қойған кезде, біреу басып кететін не шалынып қалатын
жерге қоймаңыз. Кабельден ұстап тартпаңыз. Розеткадан ағытқан кезде айырдан
ұстап ағытыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіздік және жайлылық нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Онда тиісті жұмыс орны, орнату, отыру және денсаулық пен жұмыс істеу дағдылары
түсіндіріліп, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл
нұсқаулықты интернетте http://www.hp.com/ergo сайтынан және/немесе құжаттама дискінен
(монитормен бірге берілген болса) алуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Мониторды және компьютерді қорғау үшін компьютер мен басқа
қосымша құрылғылардың (монитор, принтер және сканер сияқты) қуат кабельдерін желілік
сүзгі немесе тұрақты қуат беру құралына қосыңыз. Барлық желілік сүзгілер кернеу ауытқуынан
қорғамайды; оларда мұндай мүмкіндік бар екені анық белгіленген болуы тиіс. Өндірушісі
Зақымдалған құрылғыларды ауыстыру саясатын қамтамасыз ететін желілік сүзгілерді
қолданыңыз; сөйтіп, кернеу ауытқуынан қорғау жұмыс істемей қалған жағдайда,
жабдығыңызды ауыстырып аласыз.
Қолайлы және HP СКД мониторын ұстап тұратындай өлшемі тиісті жиһазды қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ! Ас үй шкафтарына, кітап шкафтарына, тартпаларға, үстелдерге, динамиктерге,
сандықтарға не арбаларға орнатылған СКД мониторлар құлап кетіп, адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
СКД мониторға қосылған кабельдерді орналастырған кезде, оларды тартып қалатын, іліп
кететін немесе шалынып түсетін мүмкіндік қалдырмау керек.
Қауіпсіздікке қатысты сақтық шаралары
Монитордағы жапсырмада/артқы тақтада көрсетілген, осы монитормен үйлесімді қуат
көзі мен жалғауды ғана қолданыңыз.